Қатаң ескерту: Билік заңсыз митингтерге қарсы заңды шаралар қабылдайды

Қатаң ескерту: Билік заңсыз митингтерге қарсы заңды шаралар қабылдайды
Құқық қорғау органдары бұдан әрі заң бұзушылықтарға жол бермей, оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокуратура елімізде заңсыз жария акцияларға жол берілмейтіндігі туралы бірнеше рет ескерткен болатын, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлерін арандатып, оларға шабуыл жасады. Жүргіншілердің, әйелдер мен балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Осыған байланысты, құқық қорғау органдары қоғамдық тыныштықты сақтауға және азаматтарды қорғауға бағытталған шаралар қабылдады. Бұл ретте арнайы құралдар қолданылған жоқ.

Құқық бұзушылар полицияға жеткізіліп, сот тәртібінде әкімшілік жауапқа тартылды.

Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес жауапқа тартылатынын түсіндіреміз.

Құқық қорғау органдары бұдан әрі де осындай бұзушылықтарға жол бермейтін және оларды болдырмау үшін заңмен көзделген шараларды қабылдайтын болады.


Новости партнеров