Елордада «Президенттік институт: қазақстандық үлгі» халықаралық конференциясы өтті

28.11.2019 в 16:06

Шетелдік меймандар Қазақстандағы Президенттік институттың тарихи маңыздылығын атап өтті

Дәстүрлі шараға еліміздің 10-нан астам мемлекеттің сарапшысы, Парламент мүшелері, Қазақстанның қос Парламент депутаттары халықаралық ұйым өкілдері қатысты. Олар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын және бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттаудағы рөлін талқылап, пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстан аз уақыттың ішінде саяси, экономикалық және әлеуметтік табысты мемлекетке айналды. Бұл тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің көреген саясатының, батыл қадамының және бірлігі жарасқан халқымыздың ерен еңбектерінің жемісі екені сөзсіз. Бүгінде Елбасының бастамаларын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев одан әрі жалғастырып, еліміздің стратегиялық жоспарларын ары қарай жүзеге асыруда», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.

Шетелдік меймандар Қазақстандағы Президенттік институттың тарихи маңыздылығын да жарыса айтты. Елбасының қиын-қыстау кезеңдер мен дағдарыс жылдарынан елді аман алып шығу үшін атқарған ерен еңбегіне ерекше тоқталды. Қазақстан әлемдік экономиканың, геосаяси дамудың, әлеуметтік трансформацияның жаңа тәртіптерінен тыс қалмай, өркениет көшінде ілгері келе жатыр деген баға берді сарапшылар.

«Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған елдің өкілі ретінде осы шараға шақырылғаныма қуаныштымын. Сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастығымыз берік орнаған. Тәуелсіздік жылдарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдеріңізде үлкен реформалар жүргізіліп, өзгерістер болды. Біз қазір Нұр-Сұлтан қаласының өзінен қандай тарихи өзгерістер орын алғанын көріп жатырмыз. Барлық салада дамып жатқанын аңғардық», – деді Түркия республикасының ұлы ұлттық жиналысы төрағасының орынбасары Левент ГЁК.

«Қырғызстанда Нұрсұлтан Әбішұлын өте қатты құрметтейді. Ол – өз елінің экономикасын көтерген, бірлігін нығайтқан көшбасшы. Біздің елдеріміз ұқсас. Президенттік институт өте сәтті құрылған деп санаймын. Біз – парламенттік елміз. Сондықтан Қазақстан Парламенттімен байланысымызды берік орнатуға ниеттіміз», – деді Қырғыз республикасы Жогорку кенеш төрағасының орынбасары Аида ҚАСЫМӘЛИЕВА.