Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды

22.05.2019 16:25

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысындағы жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Мемлекет басшысы бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралайды. Сондай-ақ, «Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек практикасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, өңірдің жұртшылығымен кездеседі.