Талғат Ермегияевтің ісі қайта тексерілуде

Талғат Ермегияевтің ісі қайта тексерілуде
Ол 2016 жылдың жазында ірі көлемде пара алды деген айыппен 14 жылға сотталған болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы оның адвокаты Алла Котлова мәлімдеді. Ермегияевтің қорғаушысы бір айдан бері қылмыстық істі құқық қорғау органдары тексеріп жатқанын айтады. Алайда Алла Котлова не себепті тексеру қайта жанданғанын және кім бастамашы болғанын айтпады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өйткені өзі де бұл жайттан бейхабар екен. Мұндай шара жүргізілетіні туралы да ешкім ескертпепті. Бірақ, тексеріс жасап жатқандардың сұрағы болса, қажетті ақпаратты беруге дайынбыз, - деді адвокат. Оның айтуынша, тексеру заңдылықтардың бұзылуына байланысты болуы мүмкін. Алла Котлова тексеріс нәтижесінің қорытындысы қашан шығатынын айта алмады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың жазында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы ірі көлемде пара алды деген айыппен 14 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Новости партнеров