Ақмола облысының Бұланды ауданында 22 жастағы келіншек пен 11 жастағы қыз бала ыстан уланып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға қазанның 19-ында кешкі сағат 18:09 шамасында Макинск қаласы Екінші станционный көшесінің қиылысындағы жеке тұрғын үйде болды.
«Аталған мекенжайға ТЖД жеке құрамынан 1 қызметкер және 1 техника, аудандық ПБ кезекші жедел тергеу тобының 4 қызметкері мен 2 техникасы барды. Оқиға орнынан 1997 жылғы О.В.Анохина мен 2008 жылғы А.С.Савельеваның денесі табылды. Анықталғандай, екеуі де пештен шыққан ыстан уланып қалған», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Алдын ала мәліметтер бойынша, көз жұмған келіншек үйді жалдап тұрған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.