Оның айтуынша, партияны трансформациялау жүріп жатқан кезеңінде Jas Otan жергілікті жерлердегі жастардың проблемаларын шешуге бағыталған
AMANAT партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов алматылық белсенді жастармен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«AMANAT партиясының жастар қанатының белсенділерімен кездестім. Партияны трансформациялау жүріп жатқан кезеңінде Jas Otan жергілікті жерлердегі жастардың проблемаларын шешуге бағыталған жұмысты бұрынғыдан да күшейтіп, оны күн тәртібінен түсірмеуі тиіс», – деп жазды Facebook парақшасында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта партия жастардың, оның ішінде NEET санатындағы жас буынның түйінді мәселелерін анықтау бойынша кешенді талдау жүргізіп жатыр. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша жаңа жастар бағдарламасы әзірленіп, ол Jas Otan форумында қабылданады.