Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен арадағы стратегиялық және одақтастық қарым-қатынастарды, оның ішінде интеграциялық үдерістер аясындағы байланыстарды одан әрі жан-жақты дамытудың маңызын айтты. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.