Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстанның Армения, Швеция және Бразилиядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Тиісті Жарлықтарға Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:
Болат Бәриұлы Иманбаев Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Мальта Республикасындағы, Сан-Марино Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;
Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.