Жалғыздық жөніндегі министрлік құрылады

fotokonkurs.ru
fotokonkurs.ru
Бұған дейін осыған ұқсас министрлік Ұлыбританияда құрылған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жапонияда жалғыздық мәселелері жөніндегі министрлік құрылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі МИР 24 агенттігіне сілтеме жасап.

Жұма күні Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга Тэцуси Сакамото аймағының басшысымен кездесті.  Кездесу кезінде Сакамото Жапонияда коронавирус пандемиясы кезінде 11 жылдың ішінде алғаш рет ел бойынша суицид саны артқанын айтты.  Өсу деңгейі 3,7 пайызды құраған. Ел бойынша бір жыл ішінде 20,9 мың адам өзіне қол салған. Министр өзінің негізгі лауазымымен қатар, жалғыздық мәселелері жөніндегі министрліктің жұмыстарын алып жүретінін атап өтті.

Бұған дейін осыған ұқсас министрлік Ұлыбританияда құрылған еді. Онда психикалық денсаулық министрігінің  Жаклин (Джеки) Дойл-Прайс басшысы болып тағайындалды. Аталған министрліктің мақсаты – Ұлыбританияда өзіне қол салатындардың санын азайту, оған жол бермеу.

Новости партнеров