Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның жауапты хатшысы Асхат Оралов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
"Бүгін Nur Otan партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII съезді шақыру туралы шешім қабылдады. Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды", – деп жазды Асхат Оралов.
Оның айтуынша, съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.