Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының үш орынбасары тағайындалды

26.06.2019 16:38

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының бірінші орынбасары қызметіне; Шыңғыс Қайыпұлы Қабдула Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне; Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды»,  делінген Ақорданың ресми сайтында.