Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді

12.06.2019 16:39

Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны орындалды

Zakon.kz

Қазақстан Республикасының Президентi Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қолын қойып, ант қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берді.

Ант берiлгеннен кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Әнұраны орындалды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Президентiнiң куәлiгiн тапсырды. 

Еске сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс Президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 пайыз даусын (сайлаушылардың 6 539 715 даусы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады.