Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге және Үндістан халқына теміржол апаты салдарынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап
«Одиша штаты, Баласор елдімекенінде болған теміржол апаты салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Жақындарынан айырылған отбасының ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай азалы сәтте Үндістан халқымен біргеміз», – деп жазылған жеделхатта.
Оқи отырыңыз: Үндістанда бірнеше пойыз рельстен шығып кетті