2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 млрд-қа жеткізу керек – Тоқаев

01.09.2021 16:41

Мемлекеттік қаржыны басқару бойынша тұжырымдаманы жыл соңына дейін әзірлеу керек

стоп-кадр

2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 млрд-қа жеткізу керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«2020 жылдың нәтижесі бойынша Индустрияландырудың 10 жылдығында алғаш рет өңдеу өнеркәсібінің үлесіне кен өндіру саласы қосылды. 2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтіп, 24 млрд-қа жеткізу керек. Өңдеу өнеркәсібі туралы заң жобасы шикізат алдындағы мәселелерге жауап беру керек. Шикізат тауарларының бағасы отандық өндірушілерге қолжетімді болуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекеттік қаржыны басқару бойынша тұжырымдаманы жыл соңына дейін әзірлеу керек.

«Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік тәртіпті енгізуді жеделдету керек. Заңға сәйкес өзгерістер осы жылдың соңына дейін енгізілуі керек. Елге мемлекеттік қаржыны басқаратын тәртіп керек. Мемлекеттік қарыз бен Ұлттық қорды басқаруы керек. Ұлттық банк пен Үкіметке жылдың соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқаратын тұжырымдаманы әзірлеуді тапсырамын», – деді Тоқаев.