Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласына көшірілді

04.05.2022 16:41

Кеше Қапшағай қаласына Қонаев аты ресми түрде берілген болатын

открытые источники

Бүгін Президент Жарлығымен Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, кеше Қапшағай қаласына Қонаев аты ресми түрде берілген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсыныс айтса, мен бұл пікірге қосыламын деген болатын. 

Кейін Қапшағай қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, қалаға Дінмұхамед Қонаев есімін беру ұсынысы бірауыздан мақұлданды.