Олар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі У. Мозер және АҚШ-тың жаңадан тағайындалған Бас консулы К. Сэвиджді қабылдады. Бұл туралы қала әкімі twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі У. Мозер қабылдауымда болды. Сондай-ақ, Алматыдағы АҚШ-тың жаңадан тағайындалған Бас консулы К. Сэвиджді қабылдадым. Ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыладық», – деп жазды Б. Сағынтаев.
Дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі У. Мозер қабылдауымда болды. Сондай-ақ Алматыдағы АҚШ-тың жаңадан тағайындалған Бас консулы К. Сэвиджді қабылдадым. Ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқыладық. pic.twitter.com/q6Zsaf02n5
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) September 7, 2021