ҚР Елшісі Чех Республикасының Президентіне сенім грамоталарын табыстады
www.inform.kz
Кездесу барысында Милош Земан екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстанның Чех Республикасындағы Елшісі Марат Тәжин Чех Республикасының Президенті Милош Земанға сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Милош Земан екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың даму болашақтарын атап өтті. Чех Республикасы Президентінің айтуынша Қазақстан Чехия үшін Орталық Азия және ТМД елдерінің ішіндегі басымдыққа ие елдердің бірі болып табылады. Өз кезегінде Қазақстан Елшісі Марат Тәжин чех тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларында, экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мәселелерде қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10