Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысының кулуарында елге келген ресейліктер туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазір нақты санын айта алмаймын. Біраз азамат (ресейліктер – авт.) келді. Қазір бұрынғы қалыпқа келдік. Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны шығып жатқандардан аз. Тәулігіне Ресейден 8000-9000 мың адам келеді, ал елден 10 000 – 11 000 адам шығып отыр. Осылайша, бұрынғы нормаға ендік. Депортацияланғандар бар. Бірақ, олардың нақты санын айта алаймын», - деді Марат Ахметжанов.
Еске салсақ, 4 қазанда Ішкі істер министрлігі Ресейде ішінара мобилиция жарияланғаннан кейін (21 қыркүйек) Қазақстанға 200 мыңнан астам ресейлік келгенін хабарлаған еді.
17 қазанда Ресейдегі мобилизация аяқталды.