Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді АҚШ Президенті болып сайлануымен құттықтады
nur.kz
Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі elbasy.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті 2010 жылы Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.
Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
16.11.2026 09:20
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
16.11.2026 11:20
Президент ҰҚК-нің жаңа төрағасын таныстырып, міндеттер жүктеді
16.11.2026 12:20
Әуезов ауданында жаяу жүргіншілер аймақтары жаңартылды
16.11.2026 10:00
Тау және скрипка: Алматының әсем табиғатында әуен әуеледі
16.11.2026 13:20