Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына AMANAT партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракциясымен жуық арада талқылайды.