Қазақстан мен Қырғызстан әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялады

11.06.2022 16:55
Ақорда

Қазақстан мен Қырғызстан әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери-техникалық жәрдем көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Теги: Жарлық