Биыл жазда қаланың 140-тан астам жолдары жөнделеді
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Vision Zero Almaty» бойынша жолдарда өлімді азайтудың Жоспары аясында жол инфрақұрылымдарын қалыпқа келтіруді тексерді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Биыл жазда қаланың 140-тан астам жолдары жөнделеді. 56-ы жаяу жүргіншіге бейімделген жолдардың дені – бекет кешендерінің айналасы, кең қозғалыс бөлігінің жиектері және өтпелі жолдардың қауіпсіз аймағы.
Жалпы, қала бойынша көпшілік жиі жүретін әрі апаттық деңгейі жоғары 72 проблемалы уческе анықталған. Алдыңғы қатарлы мегаполистерде балама ретінде мұндай жерлердің аясы тарылады, жүргіншілер үшін бағдаршамдар аралығы ұлғаяды, тоқтау желілері және басқалары орнатылады.
«Біз Алматыда жолдардағы өлім деңгейін барынша азайтуға ұмтылудамыз. Адамдар кейде қателікке ұрынады, сондықтан субьективті факторды азайтатын қауіпсіз инфрақұрылым жасаған жөн. Жаяу жүргіншінің қозғалыс кезінде ең осал қатысушы екенін ескерсек, оған басымдылық беріледі», – деді Бауыржан Байбек.
Бұдан өзге, 100 жаңа өтпелі жолдар салу жоспарланған. Қалалықтардың көптеген өтініштері бойынша 50 учаскеде қауіпсіз бөліктер болады, олар кең қозғалыс жиегін ажыратып тұрады. Әлеуметтік және білім объектілері жанында трапецияға ұқсас.
Қала әкімі өз сөзінде қоғамдық көлікті дамытудың, автомобиль қозғалысын велосипедтен бөлу үшін кедергісі бар веложолдар желісін жасаудың одан әрі жалғасатынын айтты. Арнайы қажеттіліктегі жандар үшін қоғамдық кеңістікті модернизациялау мен ыңғайлы орта қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Байбек Гоголь көшесін абаттандыруға қатысты бірқатар ескертпелер жасады. Мұнда жақын арада ескі ағаш діңгектері алынады, көше жарығы мен троллейбус желісі бірігіп кеткендіктен реттеледі. Қала басшысы көшені жасылдандыруға, түрлі қоршауларды сүруге, көлеңкелі кеңістікке көше жиһазын орнатуға назар аударды.