Президент министрдің өз жұмысына енді кіріскеніне қарамастан, оның барлық жағдайға жауапты екенін айтты
Арыстағы жарылыс салдарынан қаланың бір мезетте күл-талқаны шыққаны үшін Жоғарғы Бас қолбасшы Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент министрдің өз жұмысына енді кіріскеніне қарамастан, оның барлық жағдайға жауапты екенін айтты. Сондай-ақ ол Нұрлан Ермекбаев басқаратын ведомствоның жұмысына қанағаттанбайтынын, жүйеде кемшілік пен әскери бақылаудың әлсіз екенін мәлімдеді.
«Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқаны көрініп тұр. Алайда біз қазір жүйелік кемшіліктердің, сондай-ақ әскери ведомство тарапынан бақылаудың әлсіреу салдарымен күресіп жатырмыз. Қорғаныс министрлігіне келгеніңізге көп болған жоқ, алайда саладағы жағдайға толық жауаптысыз. Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қорғаныс министрлігінде туындаған жағдайға қанағаттанбаймын. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын», – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.