Алматы қалалық білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

31.12.2019 в 16:50

Осы уақытқа дейін Ләззат Жылқыбаева Алматы қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған

пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ләззат Жылқыбаева білім басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Ләззат Жылқыбаева еңбек жолын 1996 жылы №1 Алматы қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары ол мұғалім, колледж директорының орынбасары, Алматы қаласы білім басқармасының маманы және бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Ләззат Жылқыбаева Алматы қалалық білім басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.