Жұмабай Қарағаев ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
primeminister.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жұмабай Ғаббасұлы Қарағаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмабай Қарағаев 1971 жылы Атырау облысында дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы бірқатар жеке компанияларды басқарды, Атырау облысы әкімдігінің құрылымында қызмет етті. 2019 жылғы желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10