Тоқаев бұл жағдайдың жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
«Қазақстан Президенті Қырғызстандағы болып жатқан жағдайды мұқият бақылап отыр. Мемлекет басшысы бауырлас көрші елдегі ахуал Қырғыз Республикасының ішкі шаруасы деп есептейді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдай жуық арада елдің қолданыстағы заңы аясында шешілетініне үміттенеді», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.