Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

21.01.2020 16:54

Соңғы жұмыс орны – қаржы министрлігі

inbusiness.kz

46 жастағы Әбілқайыр Сқақов – осы өңірдің тумасы. Ол 2014-2016  жылдары Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментін, еліміздің қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Соңғы жұмыс орны – қаржы министрлігі. Онда ол комитетті басқарған болатын. 4 дипломы бар шенеунік қаржыгер мамандығы бойынша білім алған. Айта кетейік, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов 17 қаңтарда екі айға қамауға алынған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс өңір басшысына қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағып отыр.