Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық талқыланады
Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды almaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.
Биылғы 1 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Оқи отырыңыз: Тоқаев Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады