Бұл жайында әкім өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады
Қала әкімі Алматыдағы Германияның Бас консулы Кристиана Маркертпен бірқатар мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
"Алматыдағы Германияның Бас консулы Кристиана Маркертпен Германияның кәсіпорындары мен ұйымдарының Алматымен көлік-логистикалық, ғылым-білім, мәдени-гуманитарлық салаларда іскерлік қатынас пен ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқыладық" - деп жазды Б. Сағынтаев.