Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев 7 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын басқосуда Үкімет пен министрлерге баға берілетінін айтты.
«Үкіметтің кеңейтілген отырысы 7 ақпанда өтеді», - деп нақтылады М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Үкімет жұмысына, министрлер қызметіне қатысты баға кеңейтілген отырыс барысында қаралады.
Оқи отырыңыз: Экономикамызға қай елдер инвестиция құйып жатыр