БАҚ: Лукашенко президенттіктен өз еркімен кетпек

14.03.2019 17:12

Белоруссия басшысының орнына ұлы Виктор немесе мемлекеттің Сыртқы істер министрі Владимир Макей келуі мүмкін

TUT.by

Ғаламтор желісінде Александр Лукашенко Белоруссия президенті қызметінен кеткелі жатыр деген ақпарат тарады, деп жазады nur.kz.

Мәлімет бойынша, белоруссиялық көшбасшы жақын арада отставкаға кетіп, билік сайлау арқылы өзге қолға өтуі мүмкін екен.

Биылғы жазда мемлекетте мерзімінен бұрын сайлау жүргізілуі ықтимал.

Белоруссия басшысының орнына қазіргі президенттің үлкен ұлы Виктор немесе мемлекеттің Сыртқы істер министрі Владимир Макей келуі ғажап емес деп хабарлануда.

Айта кететіні, Лукашенко президенттік қызметке 1994 жылы келген.