Бүгін Ел Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының бірінші оқылымында мемлекеттік жұмылдыру дайындығы мен мемлекеттік материалдық резерв жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұдан былай жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға осы саладағы мемлекеттік бақылау құзыреті берілмек. Бақылау Қарулы күштер мен әскери құрылымдарды, орталық атқарушы мемлекеттік органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар; Жергілікті атқарушы органдарға қатысты болмақ.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 462-бабы бойынша Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдар тізбесі жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен толықтырылады. Бұл мемлекеттік органдарға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында жауапкершілік белгілеуге мүмкіндік береді», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.
Мемлекеттік органдардың жұмылдыру дайындығы саласындағы құзіреттерінің аражігі де ажыратылып отыр. Енді жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға сақтандыру қорын құру және сақтау саласындағы қызметті үйлестіру құзіреті беріледі. Бұл - қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, қауіптілігі жоғары нысандарға қатысты болмақ. Министр, сондай-ақ, мемлекеттік материалдық резервті уақытылы жаңартуды қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізілетінін жеткізді.
«Сақтау пункттерінің материалдық құндылықтарды жаңартуы енгізілмек. Бұдан бөлек, материалдық құндылықтарды өтеусіз негізде басқа мемлекеттік органдардың балансына беріледі. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде қызмет ететін бірыңғай дистрибьютордың жұмылдыру резервінің медициналық мақсаттағы дәрілік заттары мен бұйымдарын жеткізу, сақтау және жаңарту функцияларын орындауы ескерілген», – дейді ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ.