Елорда әкімдігі маңдайшасындағы жазу өзгертілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елорда әкімдігінің ғимаратының маңдайшасындағы жазба ауыстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Елордалық әкімдік ғимаратының кіреберісіндегі жазбалар өзгерді, енді мұнда «Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi» және «Акимат города Нұр-Сұлтан» деп жазылған.
Естеріңізге салсақ, 23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бұған дейін қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын айтқан еді. Оның сөзінше, қаланың маңызды нысандары – «Астана Опера», «Астана-Арена», спорт клубтары мен басқа да ғимараттардың атауы өзгермейді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58