Виктор Орбанды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Қазақстанға Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапармен келді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Акorda.kz-ке сілтеме жасап.
Ақорда резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді.
Оқи отырыңыз: Макрон Қазақстанға жасаған алғашқы сапары жайлы ойын жазды