Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

09.09.2024 17:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі

Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Маңғыстауда 460 бала тамақтан уланды: Бір ай ішінде бүкіл мектептердің асханасы тексеріледі