Олжас Құдайбергенов штаттан тыс кеңесші болып 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын
Олжас Құдайбергенов ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Әбдімәлікұлына экономиканы дамыту жөніндегі ұсыныстары үшін алғыс айтты»,– деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.