«Ақорда» резиденциясында Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Президенті Халима Якобты «Достық» орденімен марапаттады.
«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы және Сингапур Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сингапур Президенті Халима Якоб көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді», - деп жазды ақпарат көзі.