Ресейдегі теракт: Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді

23.03.2024 17:29

Бұл туралы Ақорда хабарлады

Аkorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

- Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдегі лаңкестік оқиғаға байланысты қабылданатын шаралар туралы Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен жиын өткізеді, - делінген хабарламада. 

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оқиғаның видеосын жариялай бастады. Оқиға орнында жарылыс болғаны да хабарланды. Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 60-тан астам адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті. Қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді. РИА Новости агенттігінің мәліметінше, 115 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар: 60 ересек адамның және бір баланың жағдайы ауыр. Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақстан Мәскеудегі лаңкестік әрекетті қатаң айыптайды