Урбанизация жағдайында цифрландыру және ББҰ-ның 75 жылдық мерейтойын мерекелеу шараларына қаланың қатысуы мәселелерін талқылады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен маңызды мәселе жөнінде сөйлесті, деп хабарлайды Almaty.tv әкімнің Twitter парақшасына сілтеме жасап.
«БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, арнайы кеңесші Фабрицио Хохшильдпен Алматыны урбанизация жағдайында цифрландыру және ББҰ-ның 75 жылдық мерейтойын мерекелеу шараларына қаланың қатысуы мәселелерін талқыладық», - деп жазды Б.Сағынтаев.