ҚР Бас прокуроры болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды

18.03.2019 17:30

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Бас прокуроры болып Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған.

Айта кетейік, бұған дейін Ғ.Нұрдәулетов Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарып келген болатын. Ал, Бас прокурор болған Қайрат Қожамжаров өзге қызметке ауысуына байланысты бұл лауазымнан босатылды.

Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов жылы Алматы облысы Жамбыл ауданында туған. Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры.