Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті басталды

03.11.2023 17:30

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтеді

Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті басталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілішісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан Премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде қатысады.

Мәртебелі меймандардың алды 1 қарашада келе бастады. Ал кеше Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, бүгін Түрікмен халқының ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов келді.

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтеді.

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер миинстрлері кеңесінің жабық отырысы өтті.  

Шарада ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Израиль-ХАМАС қақтығысындағы Қазақстан ұстанымын айтты.  

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті