Президент сайлауы: қазақстандықтардың 35,1% дауыс берді

09.06.2019 17:31

Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды

Sputnik

Елорда уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 35,1%-і дауыс беріп үлгерді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Оның ішінде:

• Ақмола облысы бойынша – 45,9 %

• Ақтөбе облысы  – 50,3%

• Алматы облысы – 47,3%

• Атырау облысы  – 33,5 %

• Шығыс Қазақстан облысы  – 44,8%

• Жамбыл облысы – 43,7%

• Батыс Қазақстан облысы  – 26,1%

• Қарағанды облысы – 29,6%

• Қызылорда облысы  – 39,3%

• Қостанай облысы – 35,5%

• Маңғыстау облысы – 29,3%

• Павлодар облысы  – 36%

• ·Солтүстік Қазақстан облысы – 33,9%

• Түркістан облысы – 30%

• · Нұр-Сұлтан қаласы  – 24,6%

• Алматы қаласы  – 19%

• Шымкент қаласы – 24,6%.

Айта кетсек, 2015 жылы 26 сәуірде өткен Президент сайлауында сағат 12:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 41,69%-і дауыс берген.

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды. Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сенат төрағасы Дариға Назарбаева, үкімет басшысы Асқар Мамин, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері дауыс беріп үлгерді.