|
10.07.2019 | 12:32
3117

Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Бауыржан Байбек бүгін өзінің twitter-дегі парақшасында жариялады

Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы болып тағайындалды

Әлібек Әлденей «Nur Otan» партиясының хатшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін өзінің twitter-дегі парақшасында «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Елбасы «кері байланысты» күшейтіп, қоғамның сұраныстарына сәйкес дер кезінде әрекет етуді тапсырды. Бұл істе халықпен тиімді байланыс орнатудың жаңа жолы қажет. Осыған байланысты партия Лидерінің келісімімен Әлібек Әлденей «Nur Otan»-ның хатшысы болып тағайындалды», – деп жазды Б.Байбек.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының түлегі.

Әлібек Әлденей Мәдениет және ақпарат министрлігінде, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында қызмет атқарған.

2015 - 2019 жылдар аралығында «Алматы» телеарнасын басқарды.

2019 жылы Алматының Қоғамдық даму басқармасының басшысы болды.







Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир