Желіде Тоқаевтың жас кезіндегі суреттері пайда болды (видео)

24.04.2019 17:36

Желіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кезіндегі фотолары пайда болды.

Toqayev Team YouTube-арнасы видеожазба жариялап, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірінің сирек кадрларын көрсетті.

Видео кадрларында Тоқаевтың бала күніндегі, жасөспірім шағындағы, сонымен қатар оның шетелге алғаш барған кезіндегі суреттері көрсетілген.