Нұрсұлтан Назарбаевқа ЖЕЭК Құрметті төрағасы атағы берілді

29.05.2019 22:25

Еуразиялық экономикалық одақ Еуропа одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымымен экономикалық қарым-қатынасты қолға алу керек. Нұр-Сұлтанда өткен Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамында осы мәселе көтерілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан жиында бес елдің басын қосқан одаққа мүше елдердің географиялық ыңғайлылығы жайлы сөз болып, өзге ұйымдармен ынтымақтастық жолын салу туралы ұсыныс жасалды. Елбасы еуразиялық кеңістік жабық болмай, керісінше жаһандық қарым-қатынасқа ашық болуы керектігін алған тартты. Бұдан бөлек Тұңғыш президент «Бір белдеу - бір жол» бастамасына көңіл аударды.  

«Сонымен қатар Қытайдың «Бір белдеу - бір жол» бастамасын инфрақұрылымдық логистика бөлігінде ЕАЭО әлеуетінің жалғасы ретіне қабылдануы тиіс. Біз оны тиімді жасай аламыз, жоба экономикалық жағынан тиімді. Ол біздің бірлестіктің ішкі де, жеке де мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізеді», – деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Бас қаладағы Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамының отырысына Қасым-Жомарт Тоқаев, Владимир Путин, Никол Пашинян, Александр Лукашенко, Сооранбай Жээенбеков қатысты. Бақылаушы әрі құрметті қонақ ретінде Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон мен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон келді. Айта кетейік, жиын барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағы берілді.