Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды

18.03.2019 17:40

Қайрат Әбдірахманов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», -  делінген хабарламада.

Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Қайрат Әбдірахманов  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің (тарих факультетінің) түлегі. Ағылшын тілін меңгерген. Еңбек жолын тарих мұғалімі болып бастаған. 1987-1993 жылдар аралығында Қазақ политехникалық институтында сабақ берген, сол уақытта ҚазҰУ аспиранты болған.


Теги: Акорда