Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Төтенше жағдайлар комитеті басшысының орынбасары Барат Дұзақбаевты жұмыстан босатуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Төтенше жағдайлар комитетінің басшысының орынбасары Барат Дұзақбаев жұмыстан босатылсын, ол ұзақ уақыт Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған», - деді Сағынтаев үкімет отырсында.
«Өздеріңіз көріп отырғандай, өрт және су тасқын мәселелеріне аса қатты назар аудару керек. Осыған байланысты ІІМ мен әкімдерге өрт қауыпсіздігін қамтамасыз ету керек және оның алдын алу шаралар жасалуы тиіс. Оның ішінде көп балалы, жағдайы төмен отбасылар және мүгедек адамдар мен зейнеткерлердің үйлеріне назар аударылуы керек», - деді Үкімет басшысы.
Премьер-министр Президент әкімшілігіне Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге сөгіс жариялануы туралы ұсыныс жіберетінін айтты. Қатаң сөгісті Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Владимир Беккер алды. Оған қоса, Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшылық қызметін орындаушы Марғұлан Аманбаевқа да қатаң сөгіс жарияланды.
Себебі, ол ұзақ уақыт Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментін басшысының орынбасар қызметін атқарған.
Еске салайық, Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапты.