Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды

29.12.2022 17:47

Азимова қазір ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып жүр

ainews.kz

Эльвира Азимова Конституциялық соттың төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды”,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Естеніңізге сала кетейік, Азимова қазір ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін атқарып жүр.