Қалмұханбет Қасымов мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды
Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қалмұханбет Қасымов Президент өкімімен мемлекеттік күзет қызметінің басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ол осыған дейін ішкі істер министрінен бастап түрлі лауазымды қызметте істеген. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы болған еді.
Ал, Әнуар Садықұлов еліміздің ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып жайғасты. Анығырақ айтқанда, «А» арнаулы мақсаттағы қызметтің директоры болды. Ол осыған дейін мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметін атқарған.
Әзімхан Жүсіпов еліміздің күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10