|
27.09.2022 | 12:49
3323

Тоқаев: Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе

Қазақстан Президенті Түркістан жұртшылығымен кездесуде қазіргі халықаралық ахуал жөнінде пікір білдірді

Тоқаев: Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе mk.ru

Қазақстан Президенті Түркістан жұртшылығымен кездесуде қазіргі халықаралық ахуал жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv

«Қазіргі халықаралық ахуал жөнінде қысқаша айта кеткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан парасат пен сабырлық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасат және төзімділік.

«Осы құндылықтардан айырылып қалсақ, елімізге үлкен қауіп төнеді. Мемлекеттердің территориялық тұтастығы міндетті түрде сақталуы керек. Бұл – негізгі қағидат. Мен мұны халықаралық аренада үнемі ашық және анық айтып жүрмін. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымына барып, ең биік мінберден бұл туралы тағы да мәлімдедім. Бұның бәрі бекер емес. Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең алдымен, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек», - деді Президент.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы қазақта «Көршімен татудың көңілі тоқ» деген сөзіне тоқталып, ең бастысы, іргелес елдермен тату болу керектігін алға тартты.

«Бұдан еш ұтылмаймыз. Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе. Осы мәселені мен Үкіметке тапсырдым», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир